мақтау


  • Патша халықпен кеңесіп алып, әскердің алдында жүретін әншілерді тағайындаған еді. Арнайы салтанатты киім киіп алған олар Жаратқан Иеге ән-жырмен мақтау айтып жүрді: «Мадақтаңдар Жаратқан Иемізді, мәңгіге ұласады Оның мейірімі!» Олар қуанышты да лепті үнмен ән-жыр айтып, мадақтай бастаған сәтте Жаратқан Ие Яһуда еліне қарсы Аммон мен Моаб елдерінен және Сейір тауынан аттанып келген жауынгерлерге тұтқиылдан тап беріп, олардың өз араларында келіспеушілік туғызды. Содан олар талқандалды. 2 Паралипоменон 20:21, 22
  • Нехемия: «Осымен барыңдар, дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіңдер! Мерекелік ас дайындамағандарға үлестерін беріп жіберіңдер! Өйткені бүгінгі күн — Иемізге бағышталған қасиетті күн. Сонымен қайғырмаңдар! Себебі Жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады!» — деп қосты. Нехемия 8:10
  • Жаратқан Иені мадақтаймын әр уақытта, Оны мақтаған жыр ұдайы жүрсін аузымда. Жыры 34:1
  • Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған, Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам». Жыры 50:23
  • Өзіңді мадақтауды еш тоқтатпаймын, Сенің көркіңді күнде жырлаймын. Жыры 71:8
  • Ал мен әрдайым үмітпен күтудемін, Барған сайын молырақ дәріптеймін, Жыры 71:14
  • Мадақтау жиналысына шақырған Қуанышты дауысты танып, қосылған Халық сондай бақытты, өйткені оған Жүзіңнің нұрында жүру бұйырылған, Жыры 89:15
  • Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау, Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау, Жыры 92:1
  • Жаратқан Ие патшалық құрады, Қуанып шаттансын бүкіл жер шары, Көп аралдар әрі теңіз жағалары! Жыры 97:1
  • Әділдер, Жаратқанға шаттаныңдар, Қасиетті есімін мадақтаңдар! Жыры 97:12
  • Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап, Иемізге қызмет етіңдер шаттанып, Келіңдер алдына қуана әндетіп, Жыры 100:1, 2
  • I will sing of mercy and judgment: unto thee, O LORD, will I sing. Жыры 101:1
  • Рақым мен әділдік жайлы ән шырқаймын, Уа, Жаратқан, әніммен Сені мадақтаймын. Жыры 103:1, 2
  • Күннің шығысынан батысына дейін Жаратқанның есімі қастерлене берсін! Жыры 113:3
  • Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар! Жаратқан Иеге жаңа ән-жыр салыңдар, Сенушілер қауымында Оны мадақтаңдар! Би билеп мадақтасын Оның атын, Дауылпаз, жетігенмен ән шырқасын! Жаратқан өз халқынан рақат табады, Кішіпейілдерді даңқтап, құтқарады. Адал жандар бұл құрметке шаттансын, Төсекте жатып та қуана ән салсын, Жыры 149:1, 3-5
  • Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде, Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де! Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін, Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен! Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің, Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен! Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен, Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен! Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен, Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен! Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді! Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені! Жыры 150
  • Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас Құдайға сиынып, Оны ән-жыр айтып дәріптеп мадақтады. Басқа тұтқындар мұны тыңдап жатты. Елшілердің істері 16:25
  • Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер. Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер! Ефестіктерге 5:19, 20
  • Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңдар! Иса Мәсіхтің жолымен жүруші сендерден Құдай осыны күтеді. Салониқалықтарга 5:18
  • Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады. Еврейлерге 13:15
  • Мұнан кейін тақ жағынан бір дауыс шықты: «Мадақтаңдар Құдайымызды, Күллі қызметшілері Оның! Дәріптей беріңдер, Тәңірімізді Қастерлейтін үлкен-кіші барлығың!» Аян 19:5