Сөз


  • Күнә жасамауым үшін Саған қарсы, Жүрегіме сақтадым айтқандарыңды. Жыры 119:11
  • Мәнісі ашылғанда сөздерің нұрын шашады, Білімсіздердің де санасын оятып ашады. Жыры 119:130
  • Иса оған былай деп жауап қатты: — «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой! Матай 4:4
  • Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды. Матай 24:35
  • Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді....Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Жохан 1:1, 14
  • Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар. Жохан 6:63
  • Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп, рухани таза болдыңдар. Жохан 15:3
  • Сен кінәратсыз жұмысшы — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл! 2 Тімотеге 2:15
  • Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір! Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды. Еврейлерге 4:12
  • Жаңа туған сәбидің сүтке шөліркегеніндей, әрдайым Құдай сөзінің «таза сүтіне» құштар болыңдар. Содан нәр алғанда рухани өсіп, күнәнің құлдығынан толығырақ құтқарыла аласыңдар. Петірдің 2:2