беру


  • Елдеріңде мұқтаждықтағылар болмай қоймайды, сондықтан сендерге: «Елдеріңдегі бауырлас жарлы-жақыбайларға қолдарың әрдайым ашық болсын!» деген өсиетті тапсырып отырмын.
    Второзаконие 15:11
  • Жаратқанды құрметтеп сыйға бер мал-мүлкіңнен, Алған бар өніміңнің алғашқы түсімінен. Сонда астыққа кенелер қамбаларың, Ернеулеп толар шырынға ыдыстарың.
    Притчи 3:9, 10
  • Қолыңнан келіп тұрғанда мұқтаждарға Жақсылық көрсет, соған лайық жандарға.
    Притчи 3:27
  • Қолы ашық адам байи түсер, Тым сараң жан кедейлене түсер. Жомарт жан игілікке кенелер, Басқаны сергіткен өзі де сергір.
    Притчи 11:24, 25
  • Жарлының зарына құлағын жабатын Таппас өз зарына құлақ асатын.
    Притчи 21:13
  • Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!
    Малахи 3:10
  • Сұрағанға мұқтажын бер, қарыз алғысы келгенге де теріс қарама.
    Матай 5:42
  • Сондықтан қайыр бергенде оны екі жүзділер секілді жұрт мақтасын деп мәжілісханалар мен көшелерде жариялатпаңдар! Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды. Ал сендер қайыр бергенде, не істегендеріңді сырлас достарың да білмесін! Осылайша жасаған қайырымдылықтарың құпия болмақ. Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
    Матай 6:2-4
  • Патша оларға былай деп жауап береді: — Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!
    Матай 25:40
  • Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап толтырып, тасып-төгілген мөлшерде салып беріледі. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.
    Лұқа 6:38
  • Бұл жайында: «Сараң сепкен сараң жинар, жомарт сепкен жомарт жинар» делінген ғой. Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады. Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар. «Ол мұқтаждарға мол көмек таратады, оның әділдігі мәңгіге ұласады» деп Забурда жазылған. Егіншіге себуге тұқым, ашыққанға жеуге нан беретін Құдай сендерге «игіліктің тұқымын» ағыл-тегіл мол сыйлап, әділ істеріңнің өнімін молайта түспек. Ондағы көздегені — сендердің әр жағдайда жомарттық жасай алатындай дәулетті болуларың, әрі біз арқылы жіберген көмектерің үшін көп адамдардың Құдайға шүкірлік етуі. Өйткені атқарып жатқан қызметтерің Құдай халқының мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді. Олар сонымен қатар бұл сенушілердің Жаратқан Иеге шексіз ризашылықтарын білдіріп шүкірлік етулеріне себепші болмақ.
    2 Қорынттықтарга 9:6-12
  • Айталық, сендердің сенуші бауырластарың, не еркек, не әйел заты болсын, киер киім мен ішер тамаққа зәру жүр дейік. Араларыңдағы біреуің оларға: «Аман-сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп тілек білдіріп, солардың тәндік қажеттерін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?! Ендеше, сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол — өлі сенім.
    Жақыптың 2:15-17