адалдық


  • Жалған таразы Жаратқанға жиренішті, Адал таразы Оған ұнамдысы...Әділ жанды адалдығы жетелер, Арамзаның түбіне сұмдығы жетер. Притчи 11:1, 3
  • Арамза жалған сөзінен ұсталар, Әділ жан пәледен аман құтылар...Білген шындығын айтқан әділдікті паш етер, Жалған куәгер болған опасыздық етер. Притчи 12:13, 17
  • Күнәларын жасырған жан өркендемейді, Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді. Притчи 28:13
  • Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар. Римдіктерге 12:17
  • Иеміз алдында да, адамдар алдында да адал жүруге тырысамыз. 2 Қорынттықтарга 8:21
  • бір-біріңе өтірік те айтпаңдар! Себебі сендер ескі күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетін тастап, Қолостықтарга 3:9
  • Қайта, құпия да ұят қылықтардан аулақ жүріп, ешқандай қулық-сұмдықты қолданбаймыз. Құдайдың хабарын бұрмаламаймыз да: Оның көз алдында шындықты ашық уағыздап, өзімізді барлық адамдардың ар-ұждандарына таныстырамыз. 2 Қорынттықтарга 4:2
  • Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор. Жақыптың 5:16