Неке және жыныстық


  • Сонда Құдай Ие адамды терең ұйқыға батырып, ұйықтап жатқанда оның бір қабырғасын алып, соның орнын етімен жауып тастады. Құдай Ие осы қабырғадан әйел жасап шығарып, оны адамға алып келді. Риза болған адам былай деді: «Міне, бұл — сүйек, өз сүйегімнен шыққан, Әрі тән, өз тәнімнен шыққан! Ол әйел деп аталатын болсын, Себебі ол еркектен алынып жасалған». Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады. Бытие 2:21-24
  • Адам әйелі Хауамен жақындасқан соң, әйелі жүкті болып, Қабылды туды. Сонда Хауа: «Жаратқан Иенің жарылқауымен бір ұл балаға ие болдым», — деді... Адам ата әйелімен тағы да жақындасқан соң, Хауа ұл туып, оның атын Сет (яғни «Сыйланған») деп қойды. Себебі ол: «Қабыл Әбілді өлтірген соң, Құдай маған оның орнына басқа бір ұрпақ сыйлады», — деді. Бытие 4:1, 25
  • Бірақ Жаратқан Ие Ыбырамның әйелі Сарайға бола перғауынға және оның үй ішіне жаман індет жіберді. Сонда перғауын Ыбырамды өзіне шақырып алып, оған: «Сен маған не істедің? Неге оның өз әйелің екенін айтпадың? Бытие 12:17-18
  • Ыбырамның әйелі Сарай бала көтермеген еді. Ал оның Ажар атты мысырлық күңі бар болатын. 2 Сонда Сарай күйеуіне: — Жаратқан Ие маған ана болуды сыйламаған екен. Ал енді бар, күңіммен жақындас. Мүмкін, соның арқасында балалы болармын, — деп ұсынды. Ыбырам бұған көніп, 3 Сарай оған мысырлық күңі Ажарды қосты. Бұл Ыбырамның Қанахан жерінде тұрғанына он жыл болған кезде еді. Бытие 16:1-3
  • Иеміз: — Келесі жылы осы уақытта Мен саған тағы да келемін. Сонда әйелің Сараның ұлы болады! — деп уәде берді. Осы сөздерді Қонақтың артындағы шатырдың аузында тұрған Сара да естіді. Ал Ыбырайым мен Сара қартайған адамдар еді, Сара бала туудан қалған жаста болатын. Сол себепті ол: «Мен әбден қартайған шағымда осындай қуанышқа кенеле алар ма екенмін? Қожайыным да тым кәрі», — деп іштей күлді. Бытие 18:10-12
  • Ал Онан Тамардан туатын балалары өз ұрпағы болып саналмайтынын білгендіктен, онымен жақындасқанда ағасынан ұрпақ қалдырмау үшін шәуетін төгіп тастап отырды. Онанның бұл қылығын Жаратқан Ие жек көріп, оның да өмірін қысқа қылды. Бытие 38:9-10
  • Неке адалдығын бұзба! Исход 20:14
  • Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!» Исход 20:17
  • Әкеңнің өзге әйелімен де жақындаспа! Бұл әкеңнің де абыройын ашқаның.... Басқа біреудің әйелімен еш жақындасып, өзіңді арамдама! Левит 18:8, 20
  • Егер ер адам басқа біреудің әйелімен жақындасса, сол еркек те, әйел де өлтірілсін....Егер ер адам басқа еркекпен әйел іспетті жақындасса, бұлардың жасағандары — жексұрындық. Олар өлтірілсін. Төгілген қандары олардың өз мойындарында. Левит 20:10, 13
  • Діни қызметкерлерге жеңіл жүріспен арамданған не күйеуімен ажырасқан әйелге үйленуге болмайды. Өйткені діни қызметкер өзінің Құдайына бағышталған. Левит 21:7
  • Бас діни қызметкер пәк таза қызға ғана үйленуге тиіс... Оған жесірге, күйеуімен ажырасқан, жеңіл жүріспен арамданған әйелге үйленуге болмайды, тек өз халқынан шыққан пәк таза қызға ғана үйленуіне болады. Левит 21:13-14
  • Сонымен, әйел некелі ері бола тұра түзу жолдан адасып өзге ер адаммен төсектес болып арамданғанда,... немесе күйеуі әйеліне күдіктеніп, қызғанған кезде қолданылатын заң — осы. Сондай жағдайда діни қызметкер әйелді Жаратқан Иенің алдында тұрғызып, оған осы заңды толығымен іске асырады. Numbers 5:29-30
  • Егер біреу әйел алып, жақындасқаннан кейін оны ұнатпай қалса және ол туралы: «Мен мына әйелге үйленген едім, жақындасқанда ол пәк қыз болмай шықты» деген жаман сөз тарататын болса, онда қыздың әке-шешесі қыздарының пәктігін дәлелдейтін нәрсені қаланың ақсақалдарына алып келулері керек. Қыздың әкесі оларға былай десін: — Мен қызымды сол кісіге әйелдікке берген едім, бірақ ол ұнатпай кетті. Енді оны даттап: «Қызыңыз пәк емес екен!» деп жүр. Ал қызымның пәктігінің дәлелі міне! — деп, оларға жайманы көрсетсін. Второзаконие 22:13-17
  • Егер біреу үйленіп, кейін әйелінің бір масқарасын ашып, оны жақтырмай кетсе және оған ажырасу қағазын жазып беріп, үйінен шығарып жіберсе, Deuteronomy 24:1
  • Содан соң Дәуіт әйелі Барсабияға барып, оны жұбатты. Кейін онымен бірге болып, ол ұл туды. Балаға Сүлеймен (яғни Сәлемет, Татулық) деген есім берді. Жаратқан Ие сәбиді жақсы көріп, 2 Samuel 12:24
  • Ал Абиях күшейе берді. Ол он төрт әйел алып, жиырма екі ұл, он алты қыз сүйді. 2 Chronicles 13:21
  • Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі Жемісті жүзім бұтасы секілді, Ал ұл балаларың дастарқан басындағы Зәйтүн ағашының өркендері сияқты. Жыры 128:3
  • Құдайым жарылқай көрсін «бұлағыңды», Қанағат ет жастай алған қосағыңды: Ол еліктей сұлу, тауешкідей әсем, Үнемі ләззат тап кеудесінен, Мас бола бер махаббатына әрдайым. Притчи 5:18-19
  • Өзгенің жарына барған жанмен де солай болады, Онымен құшақтасса, жазасын тартады. Притчи 6:29
  • Сөз жоқ, неке адалдығын бұзғанның ақылы кем, Ол өз жанын құртады солай істеуімен, Притчи 6:32
  • Әйел алған — береке тапқан, Жаратқан Иенің жарылқауын алған. Притчи 18:22
  • Үй мен мал-мүлкің — мұраң әке-шешеңнен, Ал ақылды әйелің — сыйың Жаратқан Иеңнен. Притчи 19:14
  • Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша Үй төбесіндегі күркеде тұрған артық оңаша. Притчи 21:9
  • Құдай саған осы дүниеде берген қысқа ғұмырыңның барлық күндерінің қызығын сүйген жарыңмен бірге көр! Өйткені осы өткінші дүниеде сүрген өмірің мен еткен ауыр еңбегің үшін Құдайдың беретін рақаты осы болмақ.. Ecclesiastes 9:9
  • Иісмайыңның жұпары аңқып кетті, Атың шашылған иіссудай әйгілі, Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті. Song of Solomon 1:2
  • Сол қолы басымның астында болсын, Оң қолымен мені құшақтап алсын! Song of Solomon 2:6
  • Лалагүлдер арасында жайылып жүрген Егіз елікке қос анарың ұқсас екен.... Жүрегімді тартып алдың, қарындасым, Бір-ақ көзқарасыңмен, уа, қалыңдығым, Бір ғана асыл тасымен алқаңның Қандай тәтті сенің махаббатың, Уа, қымбаттым, сүйген қалыңдығым! Ол шараптан әлдеқайда артық екен, Хош иісің сенің артық дәмдеуіштен. Song of Solomon 4:5, 9, 10
  • «Қуан, уа, құрсақ көтермейтін, бала сүймеген әйел, шаттана ән шырқа! Иә, толғатып көрмеген сен, масаттанып дауыста! Өйткені күйеуі бардан гөрі жалғыз басты әйелдің балалары енді көбірек болады! — дейді Жаратқан Ие. — Ишая 54:1
  • «Қайтыңдар Маған, уа, тұрақсыз балаларым! — дейді Жаратқан Ие. — Өйткені Мен сендердің қожайындарыңмын. Әр қаладан біреуден, әр рудан екеуден таңдап алып, сендерді Сионға әкелемін. Еремия 3:14
  • Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сенің нәпсіқұмарлығыңа беріліп, ашыналарыңмен ойнас жасап, жалаңаш тәніңді көрсеткенің үшін, яғни анау жиренішті тәңірлеріңе табынып, оларға өз балаларыңның қанын тарту ретінде ұсынғаның үшін, біліп қой: Мен өзіңмен бірге рақаттанған ашыналарыңның барлығын, өзіңе сүйкімдісін де, жек көрініштісін де жинап аламын. Оларды жан-жақтан саған қарсы жинап әкеліп, олардың көзінше сенің киімдеріңді сыпырып шешіп тастаймын. Сонда олар жалаңаш тәніңді түгелдей көретін болады. Езекиел 16:36-37
  • Жаратқан Ие хабарларын халыққа Ошия арқылы жеткізе бастағанда оған былай деді: «Барып, жеңіл жүрісті бір әйелді алып, оның жезөкшеліктен туған балаларын бауырыңа бас! Өйткені осы ел Жаратқан Иеге опасыздық жасап, азғындыққа салынып кетті!» Hosea 1:2
  • «Шешелеріңнің кінәсін әшкерелеп, оған ескертіңдер! Себебі ол енді Менің әйелім емес, Мен де оның күйеуі емеспін. Ол жеңіл жүрістінің бояуын бетінен сүртіп тастап, кеуделерін ашық көрсететін киімдерін шешіп, әдепті киінсін. Hosea 2:2
  • «Кім әйелімен ажыраспақ болса, оған арнайы куәлік қағазын беруге тиіс» деген бұйрық та берілген. Ал Мен сендерге былай деймін: жеңіл жүріске түспеген әйелімен ажырасқан әркім соның неке адалдығын бұзуына себепші болады. Кім күйеуімен ажырасқан әйелге үйленсе, сол да неке адалдығын бұзады. Матай 5:31-32
  • Сол кезде Ол былай деген: «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады». Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас. Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын! — Матай 19:5-6
  • Үй-жайын, бауырларын, әке-шешесін, бала-шағасын не жер-суын Маған бола қалдырған әркімге қарымтасы жүз есе артығымен қайтарылады, әрі ол мәңгілік өмірге ие болады. Матай 19:29
  • — Ұстаз, Мұса пайғамбар бізге (Тауратта) мынадай бұйрық берген: Егер үйленген біреу артынан бала қалдырмай өлсе, онда жесіріне ағасы не інісі үйленіп, марқұм бауыры үшін ұрпақ қалдырсын!...Себебі өлімнен қайта тірілгеннен кейін адамдар әйел алмайды, күйеуге де шықпайды. (Сол жағынан) олар көктегі Құдайдың періштелері іспетті болады. Матай 22:24, 30
  • — Мұса пайғамбар күйеуінің арнайы қағазды жазып беріп, әйелімен ажырасуына рұқсат еткен ғой! — деді олар. Сонда Иса былай деп жауап қатты: — Мұса сендерге осы ережені жүректеріңнің Құдайдың еркіне мойынсұнбай қасарысқандығына бола жазып қалдырған. Алайда жаратылыстың басталуында-ақ «Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты». «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады» (деп те Тауратта жазылған). Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас! Сонымен Құдай қосқандарды адам баласы ажыратпасын! Марқа 10:4-9
  • Егер әйел күйеуімен ажырасып, басқаға тисе, оның да неке адалдығын бұзғаны, — деп түсіндірді. Марқа 10:12
  • Осы жерде Ашир руынан шыққан Фануел қызы Анна пайғамбар да бар еді. Ол кезінде күйеуге шығып, онымен жеті жыл отасқан, ал енді жасы ұлғайған қарт адам болатын. Лұқа 2:36
  • — Біреу сені тойға шақырғанда, төрдегі құрметті орынға жантая кетпе! Шақырылғандардың ішінде жолы сенен де үлкен біреу болуы мүмкін. Лұқа 14:8
  • Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, күйеуге шығып өмір сүруде еді. Ал Нұх кемеге мінген соң, топан су басып, сол адамдардың бәрін де қырып салды. Лұқа 17:27
  • Басын көтеріп, әйелден: — Әлгі айыптаушыларың қайда кетті? Саған ешкім үкім шығарған жоқ па? — деп сұрады. Ол: — Ешқайсысы да, Мырза, — деп жауап берді. Ал Иса: — Мен де саған үкім шығармаймын. Бара бер, бұдан былай күнә жасаушы болма! — деді. Жохан 8:10-11
  • Мысалы, тұрмысқа шыққан әйел күйеуінің тірісінде оны тастап кетсе, бұнысы неке заңына қарсы. Бірақ күйеуі өлсе, әйел оған қосқан заңның ықпалынан босайды. Сонымен, егер бір әйел күйеуін тірі кезінде тастап, басқа еркекпен тұрса, ондайды неке бұзушы дейді. Ал күйеуі өлсе, әйел неке заңынан босайды. Бұдан кейін басқа біреуге қосылса, неке бұзушы болып саналмайды. Римдіктерге 7:2, 3
  • Араларыңда азғындық — тіпті басқа ұлттардың адамдары жасамайтын азғындық бар деген шүбәсіз хабар маған да жетті: араларыңдағы біреуің әкесінің жұбайымен көңілдес екен. Ал сендер көкіректеріңді көтересіңдер! Оның орнына қайғыланып, осындай қылықты жасағанды орталарыңнан шығарып тастағандарың дұрыс болар еді! Қорынттықтарга 5:1, 2
  • Әділетсіздердің Құдайдың Патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер, ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және тонаушылар үшін Құдайдың Патшалығында орын жоқ! Қорынттықтарга 6:9-10
  • Азғындықтан аулақ болыңдар! «Барлық күнә адам денесінен тысқары», — дейсіңдер. Бірақ адам азғындық арқылы өз денесіне күнә жасайды. Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер, Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар! Қорынттықтарга 6:18-20
  • Ал енді маған жазғандарыңа тоқталайын. «Еркектердің әйелдерге жоламағаны жақсы» дейтіндерің бар екен. Ал азғындықтан сақтану үшін әр еркектің өз әйелі, әр әйелдің өз күйеуі болсын. Қорынттықтарга 7:1, 2
  • Күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеуіне тиісті ықылас көрсетулері керек. Себебі әйелдің денесі өзінің ғана емес, күйеуінің де билігінде; дәл солай күйеуінің денесі өзінің ғана емес, әйелінің де билігінде. Егер біраз уақыт үздіксіз Құдайға сиынуға алдын ала келісіп алған болмасаңдар, бір-біріңнен бас тартпаңдар! Содан кейін тағы бірге болыңдар, әйтпесе өздеріңе ие бола алмай, әзәзіл шайтанның азғыруына ерулерің мүмкін. Қорынттықтарга 7:3-5
  • Үйленбегендер мен жесірлердің мен сияқты салт басты болып қала бергені жақсы деймін. Ал егер өздеріне ие бола алмаса, онда үйленсін. Себебі құмарлықтың отына күйіп-жанғанша, үйленгендері жақсы. Үйленгендерге мен ғана емес, Иеміздің Өзі: «Әйелі күйеуінен ажыраспасын!» — деп бұйырады. Ал егер ажырасып кетсе, онда салт басты болып қала берсін, не күйеуімен қайта татулассын! Күйеулер де әйелдерінен ажыраспасын! Қорынттықтарга 7:8-11
  • Себебі сенбейтін еркек сенуші әйелінің арқасында және сенбейтін әйел сенуші күйеуінің арқасында Құдайдың қасиетті әсерінің аясында болады. Әйтпесе балаларың құдайсыздардың балалары іспетті болар еді. Керісінше, олар да Құдайдың қасиетті әсерінің аясында. Қорынттықтарга 7:14
  • Жалпы, сендерді уайым-қайғы баспаса екен деймін. Үйленбеген ер адам Иемізге ұнауға ұмтылып, Оның ісінің қамын ойлайды. Ал үйленген ер адам жұбайының көңілін табуға тырысып, осы дүниелік істердің қамын жейді. Содан ол екі ойлы болып жүреді. Сол сияқты, үйленбеген әйел мен қыз Иеміздің істерінің қамын ойлай отырып, жан-тәнімен Оған берілмек. Ал тұрмысқа шыққан әйел күйеуіне ұнауға тырысып, осы дүниелік істердің қамын жейді. Қорынттықтарга 7:32-34
  • Некедегі әйел күйеуінің көзі тірісінде оған басы байлаулы. Күйеуі өлсе, кімге тием десе де өз еркі, тек екеуі де Иемізбен тығыз байланыста тұрсын. Қорынттықтарга 7:39
  • Сенбейтіндермен қоян-қолтық бірге жүріп, жаман ниеттеріне ортақтаспаңдар! Себебі әділдік пен заңсыздық арасында ортақ не бар? Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ? 2 Қорынттықтарга 6:14
  • Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық; жалған тәңірлерге табынушылық пен сиқыршылық; қаскөйлік, ұрыс-керіс, қызғаныш, ашу-ыза, жеке бастың абыройын ойлау, алауыздық туғызу, жік салу, күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар. Бұлар жайлы сендерге былай деп ескертемін, бұрын да ескерткенмін: мұндаймен айналысатындарға Құдайдың Патшалығында орын жоқ. Ғалаттықтарга 5:19-21
  • Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің тіпті аттары да аталмасын. Құдайға бағышталған адамдарға бұлардан аулақ жүру лайық. Ефестіктерге 5:3
  • Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар; өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің «басы». Мәсіх сенушілерді құтқарып алды, енді қауым — Оның рухани денесі. Қауымның Мәсіхке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнуға тиіс. Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды. Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын. Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді. Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды. Біздер Оның рухани денесінің мүшелеріміз. «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады», — деп (Тауратта) жазылған. Осында терең сыр бар, мен мұны Мәсіхке және қауымға байланысты айтамын. Бірақ ол сендерге де қатысты: әрқайсың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті. Ефестіктерге 5:22-33
  • Ал енді, күнәкар дүниеге жататын қылықтарыңды біржола тоқтатыңдар: неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық, нәпсіқұмарлық және арам пиғылдан аулақ жүріңдер; ашкөздікке де салынбаңдар, ол жалған тәңірлерге табынумен бірдей! Қолостықтарга 3:5
  • Құдай сендердің Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүргендеріңді қалайды. Бұл азғындықтан аулақ жүрулеріңді де білдіреді: әркім өз денесін қасиеттілікпен әрі құрметпен күте білсін! Құдайды танымайтын ұлттарға ұқсап күнәлі құмарлықтарға салынбаңдар, Салониқалықтарга 4:3-5
  • Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы,..Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып, балалары мен отбасыларына жақсы басшылық етулері керек. Қорынттықтарга 3:2, 12
  • жетекші ешбір кінәратсыз, әйеліне адал, ал балаларының сенуші болуы қажет. Жұрт оларға мінез-құлықтары жаман, ешкімге мойынсұнбайды деп айып тақпауға тиіс. Титке 1:6
  • Некеге барлығың да құрметпен қарап, жар төсегін былғамаңдар! Азғындар және неке адалдығын бұзғандар Құдайдың сотына түспек. Еврейлерге 13:4
  • Сол секілді сендер, күйеулер, әйелдеріңе ілтипат пен қамқорлық көрсетіп бірге өмір кешіңдер! Жан-тәндерінің нәзік екенін түсіне отыра, оларды ерекше қастерлей біліңдер. Себебі Құдай рақым етіп сыйлаған мәңгілік өмірді сендермен бірге олар да иемденеді. Тәңір Иеге сиынған кездеріңде ештеңе кедергі болмас үшін де осылай істеңдер! Петірдің 3:7
  • Алайда саған айтар наразылығым мынау: өзін пайғамбармын деп атайтын Езабел іспетті әйелге жол бересің. Ол Менің қызметшілерімді азғындық жасап, жалған тәңірлерге арналған құрбандықтардың етін жеуге үйретіп адастыруда. Аян 2:20
  • Сонымен қатар адамдар өздерінің кісі өлтіріп, сиқыршылықпен айналысып, азғындыққа салынып, ұрлық жасап күнәға батқандарынан да қайтпады. Аян 9:21
  • Оның үкімдері шынайы да әділ. Ол азғындығымен жер бетін бүлдірген аты шулы опасыз әйелді соттап, үкімін шығарды. Құдай өз қызметшілерінің төгілген қанының құнын одан талап етті». Аян 19:2