қорғаныс


  • Менің ережелерім мен шешімдерімді сақтап орындаңдар, сонда елде аман-есен тұратын боласыңдар. Левит 25:18
  • Мұса Бунямин руына батасын беріп былай деді: «Лайым Жаратқан Ие жақсы көрген Ру Оның қасында тұрсын аман-есен, Күн сайын Ием оны қорғайтын болсын, Таулардың беткейлерінде қоныстансын». Второзаконие 33:12
  • Ежелден Құдай болып келеді баспанаң, Аясында боласың мәңгілік қолының, Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады, Оны жойып құртуға бұйырады, Второзаконие 33:27
  • Сонымен енді пендеңнің әулетін әрқашан өз алдыңда жалғаса берсін деп жарылқай гөр. Уа, Жаратушы Тәңір Ием, осыны Өзің айтқандықтан, Сенің ақ батаңмен пендеңнің әулеті ұдайы жарылқанатын болады». 2 Царств 7:29
  • Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды. 2 Царств 8:6
  • Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын. Паралипоменон 17:8
  • Уа, Жаратқан, мен төсегіме жатып Ұйықтаймын енді қаннен-қаперсіз, Өйткені Өзің маған бердің сыйлап Тыныш өмірді қауіп-қатерсіз. Жыры 4:8
  • Ықылас-ниетім әрдайым Иемде, Оң жағымда Ол маған жар боп келеді: Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде. Жыры 16:8
  • Себебі патша Жаратқанға сенім артады, Хақ Тағаланың рақымымен нық тұрады. Өзіңді жек көргенді іздеп табасың, Бар жауыңды күшпен ұстап аласың, Келгеніңде отты пешке тастайсың, Уа, Ием, қаһарыңмен талқандайсың, Оттың жалынымен түгел жалмайсың. Жыры 21:7-9
  • Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрады Оның періштесі, ол соларды құтқарады. Жыры 34:7
  • Құдай — біздің панамыз да күшіміз, Қиын кезде сенімді көмекшіміз. Жыры 46:1
  • Уа, Құдай, патша Өзіңе шаттанады, Саған бағышталғандар мақтау айтады, Ал өтірікші ауыздар жабылады. Жыры 63:11
  • Сен Жаратқанға сенім артып келесің, Алла Тағаланы панаң етесің, Басыңа енді жамандық түспейді, Үйіңе ешбір апат та төнбейді. Жыры 91:9, 10
  • Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса, Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая. Жыры 127:1
  • Мұнда Дәуіттің күшті ұрпағын шығарамын, Бұл патшамның өмір шырағын жандырамын, Басындағы тәжін жарқыратамын, Ал оның жауларын ұятқа қалдырамын». Жыры 132:17, 18
  • Патшаларға Сен жеңісті сыйлайсың, Қызметшің Дәуітті аман сақтайсың. Жыры 144:10
  • Өйткені Жаратқан Ие сүйенішің болар, Жүрген өмір жолыңда сені тордан сақтар. Притчи 3:26
  • Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш, Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш. Притчи 14:26
  • Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара, Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана. Притчи 18:10
  • Жауынгер шайқасқа атын дайындар, Ал жеңісті оған Жаратқан Ие сыйлар. Притчи 21:31
  • Құдайдың барлық сөздері пәк таза, Ол қалқандай Өзін паналайтындарға. Притчи 30:5
  • Шынында Жаратушы Тәңір Ие Өзіне қызмет ететін пайғамбарларға алдын ала білдірмей ештеңе істемейді. Amos 3:7
  • Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. Ефестіктерге 6:11, 12