нұсқау


  • Отарларыңның күйін жақсы бақыла, Табындарыңа да мұқият қара. Притчи 27:23
  • Сонымен Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, енді Мен Өзім қойларымды іздеп, тауып алып, бағамын. Езекиел 34:11
  • Иса екінші рет: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені сүйесің бе? — деп сұрады. — Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой. — Иса оған: — Қойларымды бағып жүр! — деп тапсырды. Жохан 21:16
  • Мен жүректеріңе сенімнің «тұқымын ектім», ал Аполлос көбірек тәлім беріп «суғарды». Бірақ оны өсірген біз емес, Құдай. 7 Сондықтан сенімдеріңді «еккен» де емес, «суғарған» да емес, оны өсіріп отырған Құдай мадақталсын! Қорынттықтарга 3:6, 7
  • Оның рақыммен өзіме сыйлаған елшілік қызметім бойынша мен үйдің іргетасын салатын данышпан «шебер құрылысшы» іспетті, қауымның негізін қаладым. Ал қазір басқа біреулер соның үстіне қаластыруда. Бірақ әрқайсысы әрі қарай қалай салу керек екенін мұқият қарауы керек. Қорынттықтарга 3:10
  • Біз жүректеріңе рухани игілік — Ізгі хабардың тұқымын септік; енді соның «өнімі» ретінде бұ дүниелік игіліктеріңнен қабылдасақ, сол тым көп болар ма еді? Қорынттықтарга 9:11
  • Бұл жайында: «Сараң сепкен сараң жинар, жомарт сепкен жомарт жинар» делінген ғой. 2 Қорынттықтарга 9:6
  • Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта! 2 Тімотеге 2:2
  • Құдайдың өздеріңе сеніп тапсырған рухани «отарын» (яғни қауымын) қамқорлап бағыңдар! Мұны лажсыздан емес, шын көңілден, Құдайдың еркіне сай орындаңдар. Оны ашкөз пайдақорлықпен де емес, адал ынта-жігермен істеңдер. Петірдің 5:2