бақыт


  • Өзіңе үміт артқандар шаттансын, Лайым қуана мадақтап ән салсын. Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын, Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың. Жыры 5:11
  • Шын өмір жолын маған көрсетесің, Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің, Оң жағыңда мәңгі игілік бересің. Жыры 16:11
  • Сен патшаны мәңгілік жарылқадың, Қасыңда болу қуанышын сыйладың. Жыры 21:6
  • Өйткені Ол бір-ақ сәт ашуланады, Ал рақымы өмір бойы ұласады. Кешке жылап-сықтау басым болады, Ал таң ата қуаныш тосып тұрады. Жыры 30:5
  • Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін Қуана әндетіп жинамақ өнімін: Жыры 126:5
  • Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты! Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің. Жыры 128:1, 2
  • Жаратқан Иенің азат еткен халқы Сионға ән шырқап қайтып келеді, Олар ұдайы мәз-мейрам болады, Қуаныш пен шаттыққа кенеледі, Қайғы-қасірет, күрсіну атаулы Бастарынан бірден алыстап кетеді! Ишая 35:10
  • Нехемия: «Осымен барыңдар, дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіңдер! Мерекелік ас дайындамағандарға үлестерін беріп жіберіңдер! Өйткені бүгінгі күн — Иемізге бағышталған қасиетті күн. Сонымен қайғырмаңдар! Себебі Жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады!» — деп қосты. Нехемия 8:10
  • Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым. Жохан 15:11
  • Құдайдың Патшалығы ішіп-жеуде емес, Киелі Рухтың күшімен әділ, өзара тату, қуанышты өмір сүруде. Римдіктерге 14:17