күш


  • Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол жауларыңа қарсы соғысып, сендерге жеңіс сыйлайды». Второзаконие 20:4
  • Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады». Ешуа 1:9
  • Дәуіт өзінің ұлы Сүлейменге тағы мынаны да өсиеттеді: «Қайратты да батыл бол! Жұмысқа кіріс! Ештеңеден қорқып, уайымдама! Құдай Ием саған жар болады. Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылыс жұмыстарын бітіре алуың үшін Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Паралипоменон 28:20
  • Жаудағының бары — білек күші ғана, ал бізге Құдайымыз Жаратқан Ие жар болып, біз үшін шайқасатын болады!» — Езекия патшаның бұл сөздерін естігенде халық жігерленді. 2 Паралипоменон 32:8
  • Балалардың, кішкене бөбектердің Аузымен Өзіңді дәріптетесің. Дұшпандарыңа бола солай істейсің, Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің. Жыры 8:2
  • Сенің күшіңмен жау тобын жеңе аламын, Құдайыммен қамалдың үстіне шығамын. Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз, Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз. Құдайға сенім артқан бар жандарға Ол — қалқандай қорған әрі берік баспана. Құдай мені күш-қуатқа бөлейді, Мінсіз өмір жолымен жетелейді, Жыры 18:29, 30B, 32
  • Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен, Басқалар мақтанады тұлпарларымен, Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен. Жыры 20:7
  • Уа, Ием, құдіретіңе патша қуанады, Құтқарғаныңа шексіз шаттанады. Жыры 21:1
  • Алайда мен мынаған нық сенемін: Әлі де бұ дүниеде тірі жүремін, Жаратқан Иенің мейірімін көремін. Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді, Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді! Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді! Жыры 27:13, 14
  • Ием — күш-қуатым, қалқандай қорғаным, Шын жүректен Оған сенім артамын. Ол мені қолдады, қатты қуанады жүрегім, Иеме ән салып Оны дәріптеймін. Жаратқан Ие — күш-қуаты өз халқының, Әрі Өзі тағайындаған патшасының Берік қорғаны аман-есен сақтайтын. Жыры 28:7, 8
  • Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады, Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады. Жыры 34:18
  • Атыңды бауырларыма білдіремін, Қауым жиынында Сені дәріптеймін: Жыры 34:22
  • Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады, Жүрген өмір жолын Ол ұнатады, Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды, Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды. Жыры 37:23, 24
  • Әділдерді Жаратқан құтқарып алады, Пәлеге тап болса, оларға пана болады, Жыры 37:39
  • Уа, Құдай, жастайымнан мені үйретесің, Әлі де ғажаптарыңды паш етемін. Қартайып басымды қырау шалғанда, О, Құдайым, мені жалғыз қалдырма, Қайта, құдіретіңді жаңа ұрпаққа, Керемет істеріңді келер буындарға Жол бере көрші маған уағыздауға. Жыры 71:17, 18
  • Көп ауыр азаптар жібердің маған, Қалпына келтіресің бірақ қайтадан Жанымды менің, шығарып тұңғиықтан. Құрмет сыйлап жұбата гөр жаңадан. Жыры 71:20, 21
  • Тәнім әлсіреп, жаным шаршағанмен, Уа, Құдай, мәңгілік жар боласың Сен, Жүрегімнің берік тірегі бола бересің. Жыры 73:26
  • Сенің күшіңе кенеле берген, ой-ниеті Өзіңе бағытталған жандар қандай бақытты! Олар жол жүргенде күш-қуаты өсе береді, Ақыры Сионда Құдайдың алдына келеді. Жыры 84:5, 7
  • Уайым-қайғы кернегенде менің жүрегімді, Сенің жұбанышың жадыратты көңілімді. Жыры 94:19
  • Күш-қуатым әрі жырым — Жаратқаным, Ол болды, міне, менің Құтқарушым. Жыры 118:14
  • Жаныма қайғы батып, шаршап-шалдыққам, Уәдеңе сәйкес күш сыйлай гөр маған. Жыры 119:28
  • Сенің сөзің мені жандандырады, Бұл мені жапа шеккенде жұбатады. Жыры 119:50
  • Жүрсем де қақ ортасында қиын жағдайдың, Уа, Ием, жанымды аман сақтайсың, Кәрлі жауларыма қарсы қол жұмсайсың, Мені құдіретіңмен қолдап-қорғайсың. Жыры 138:7
  • Рухым қажығанда Сен білесің жолымды, Ал маған байқатпай жауларым торлар құрды. Жыры 142:3
  • Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады, Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады, Оларға қорғаныш боласың дауылдан Әрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан. Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаны Соққылаған боран Ишая 25:4
  • Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды. Ишая 40:29
  • Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды. Ишая 40:31
  • Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін. Ишая 41:10
  • «Мына бейшара, мүсәпір халқым су іздеп, таба алмайды. Олар шөлдеп, таңдайлары кеуіп қалады. Ал Мен, Жаратқан Ие, мінажаттарына құлақ асамын. Мен, Исраил сиынған Құдай, оларды жалғыз қалдырмаймын; Ишая 41:17
  • Маған Сион қаласындағы жоқтап жүргендердің бастарына шашқан күл орнына әшекейлі тәж кигізіп, жұпар иісмай жағып, қайғыларын қуанышпен алмастыруды тапсырды. Үміттері үзіліп, көңілдерін мұң шалғандар енді мадақтау әндерін шырқап, шаттыққа бөленетін болады. Сонда олар «Жаратқан Иенің Өзі отырғызған мықты ағаштары» деп аталады, әрі Оның алдында ақталған, әділдік істеп, салтанатты ұлылығын паш ететін халқы болады. Ишая 61:3
  • Сондықтан Әлемнің Әміршісі Құдай Ие маған былай деді: «Мына халықтың осындай сөздерді айтқандары үшін Мен сенің аузыңдағы сөздерімді от, ал халықты отын қыламын. Олар бұл оттан тұтанып лапылдап жанатын болады!» Еремия 5:14
  • Өйткені өз халқын Жаратқан Ие Өзінен аластатпайды мәңгілікке. Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді, Соншалықты зор Оның берік мейірімі! Адам баласына қайғы-қасіретті Ол өз жүрек қалауымен жібермейді. Плач 3:31-33
  • Мен халқымды өз құдіретіммен күшейтемін! Олар Менің атыммен жүретін болады», — деп нық айтады Жаратқан Ие. Zechariah 10:12
  • Осылай өздерің емес, сендер арқылы көктегі Әкелеріңнің Киелі Рухы сөйлейтін болады. Матай 10:20
  • Иса оларға қарап: — Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді. Матай 19:26
  • Бірақ Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар. Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар. Елшілердің істері 1:8
  • Кеңес мүшелері Петір мен Жоханның батылдығын көріп, олардың арнайы діни даярлықтан өтпеген қарапайым адамдар екенін байқағанда таңғалды. Сондай-ақ, олар екеуінің Исаның шәкірті болғанын білді. Елшілердің істері 4:13
  • Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды. Римдіктерге 8:28
  • Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?! Римдіктерге 8:31
  • Мәсіхтің айқыштағы құрбандығы туралы Ізгі хабарды тозаққа кететіндер ақымақтық деп есептейді, ал құтқарылатын біздер үшін осы хабарда Құдайдың құдіреті жатыр. Қорынттықтарга 1:18
  • Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Қорынттықтарга 2:4, 5
  • Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар! Қорынттықтарга 16:13
  • Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан. 2 Қорынттықтарга 3:5
  • қолданып жүрген қаруларымыз осы дүниелік емес, оларда Құдайдың құдіреті бар. Солармен жау бекіністерін талқандаймыз; оның дәлелдемелерінің қате екенін әшкерелеп, 2 Қорынттықтарга 10:4
  • Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін. 2 Қорынттықтарга 12:9, 10
  • Былай деп мінажат етемін: Құдай өз ұлылығының байлығына сәйкес Киелі Рухының арқасында жан дүниелеріңді Өзінің құдіретімен нығайта көрсін. Ефестіктерге 3:16
  • Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер! Ефестіктерге 6:10
  • Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін. Філіпіліктерге 1:6
  • Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын. Філіпіліктерге 4:13
  • Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады. 2 Тімотеге 1:7
  • Егер қиыншылықтарға төзе берсек, Онымен бірге патшалық ететін де боламыз. Ал егер Мәсіхті мойындаудан бас тартсақ, Ол да бізді мойындаудан бас тартпақ. 2 Тімотеге 2:12
  • Ал, балаларым менің, сендер Құдайдансыңдар, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтыңдар. Өйткені сендердегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті. Жоханның 4:4