бейбітшілік


  • Ал сен болсаң, жасың ұлғайған шағыңда ақ өліммен бабаларыңның қасына аттанып, жер қойнына кіресің. Бытие 15:15
  • Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады, Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады. Жыры 29:11
  • Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасаңдар, Татулыққа ұмтылып, сол үшін күш салыңдар! Жыры 34:14
  • Ал кішіпейіл жандар елді иеленер, Бейбіт өмірдің рақатына мол сүйсінер. Жыры 37:11
  • Мінсізді бақыла, әділге қара: Зор болашақ бар бейбіт адамда, Жыры 37:37
  • Тәліміңді сүйгендер тыныштыққа кенелер, Ештеңеге сүрінбей, аман-есен жүрер. Жыры 119:165
  • Татулықты сүйетін жанмын мен, Ал олар таласпақшы, бұл жайлы сөйлесем. Жыры 120:7
  • Адамның жолы Жаратқанға ұнаса, Тату қылар соның жауларын да. Притчи 16:7
  • Өз кездері бар сүюдің әрі жек көрудің, Соғысудың әрі татуласудың. Ecclesiastes 3:8
  • Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын әмірші» Деп те аталатын болады. Ишая 9:6
  • Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман. Ишая 26:3
  • Әділдіктің жемісі амандық пен бейбітшілік болмақ. Иә, әділдік мәңгі бақи тұрақты тыныштық пен қауіпсіздік әкелмек. Ишая 32:17
  • Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек. Ишая 54:13
  • Сондықтан сендер зор қуанышпен тұтқыннан босап шығып, жолдарыңда аман-есен жетеленетін боласыңдар. Тау-төбелер алдарыңда ән шырқап, даладағы күллі ағаштар сендерге қол соқпақ. Ишая 55:12
  • Әділетсіздерде амандық пен тыныштық болмайды!» — деп ескертеді Құдайым. Ишая 57:21
  • Олар татулық дегенді білмейді, жүрген жолдарында әділдік жоқ. Қайта, олар жолдарын өз мүдделері үшін қисайтып, бұралаң етеді. Солармен жүрген бірде-бір жан тыныштықты білмейді. Ишая 59:8
  • Олар халқымның терең жарақатын жеңіл-желпі таңа салып: «Амандық пен тыныштық болады!» деп халықты алдайды. Алайда амандық пен тыныштық жоқ қой! Еремия 6:14
  • Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Еремия 29:11
  • Бірақ кейін осы қаланы қалпына келтіремін. Мен рухани дертінен халқымды сауықтырып, амандық пен тыныштыққа, адалдық пен шыншылдыққа кенелтемін. Еремия 33:6
  • Destruction cometh; and they shall seek peace, and there shall be none.Халқым үрейлене қалтырап, тыныштық іздейтін болады, бірақ тыныштық болмайды.Езекиел 7:25
  • Олар — тыныштық жоқ кезде «Иерусалимде тыныштық бола береді!» деп пайғамбарлық сөз айтқансып, аян көргенсіген жалған пайғамбарлар! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын». Езекиел 13:16
  • Әлгі патша асқан ақылдылықпен алдамшы жоспарларын жүзеге асырып, асқақтап мақтанатын болады. Патша алаңсыз отырған көптеген адамды қырып-жойып, тіпті әміршілердің Әміршісі — Құдайдың Өзіне қарсы бас көтереді. Алайда ол құритын болады, бірақ құруы адам баласының қолынан болмайды. Даниял 8:25
  • Патша ата-бабалары істеп көрмеген зұлымдықты істеп, бейбіт жатқан құнарлы, бай аймақтарға кенеттен басып кіреді. Олжалап қолға түсірген дүние-мүлікті нөкерлеріне үлестіріп береді. Ол қамалды қалаларға қарсы айлалы жоспар құрса да, онысы ұзаққа созылмайды. Даниял 11:24
  • Қараңдар, ізгі хабар жеткізуші біреу таудан асып келе жатыр! Ол тыныштықты жариялап: «Уа, Яһуда елі, мейрамдарыңды тойлап, Құдайға берген уәделеріңді орында! Сол сұмырайлар енді саған баса-көктеп кірмейтін болады! Қайта, олардың өздері толығымен құрып кетеді!» — деп паш етеді. Нақұм 1:15
  • Менің Леуі руымен жасаған Келісімім өмір мен амандықты мақсат еткен. Мен осы екеуін де оларға сыйлап келдім. Леуіліктер Менің есімімді қастерлеуге тиіс еді. Бастапқы кезде олар Менің есімімнің алдында дірілдеп қорқып, оны терең қастерледі де. Малахи 2:5
  • Татуластырушылар бақытты: Олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ! Матай 5:9
  • Сол үйдегілер лайықты болса, берген баталарың қонады, ал лайықсыз болса, баталарың өздеріңе қайтып келеді. Матай 10:13
  • Мені дүние жүзіне (жалған) татулық әкелу үшін келді деп ойламаңдар. Мен сондай татулықты емес, жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырататын айыруды әкелу үшін келдім. Матай 10:34
  • Иса тұрып, желге тыйым салып, көлге де: «Тына қал, басыл!» — деп бұйырды. Сонда дауыл басылып, жым-жырт тыныштық орнады. Марқа 4:39
  • Иса оған: — Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді. Марқа 5:34
  • (Тағамды бұзылудан сақтау үшін) тұз пайдалы. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады? Ендеше жан дүниелеріңде тазартатын «тұз» болсын! Осылай өзара тату-тәтті өмір сүріңдер! Марқа 9:50
  • Ажал төндірген түнектегі біздерге Ол Өзінің шапағатты нұрын төгеді, Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді». Лұқа 1:79
  • «Заңғар көкте Құдай мадақталсын! Жер жүзінде Өзі риза болған Адамдарға тыныштық болсын!» Лұқа 2:14
  • Бірақ Иса әйелге: — Сен сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді. Лұқа 7:50
  • Бір үйге кіргенде әуелі: «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын!» деп бата беріңдер. Лұқа 10:5
  • Шамасы келмейтін болса, ана патша әлі де алыста келе жатқан кезде оған елшілерін жіберіп, бітім шартын сұрар еді. Лұқа 14:32
  • «Жаратқан Иенің атынан келе жатқан Патша жарылқанған!» «Көкте амандық пен тыныштық, заңғар аспанда Құдай мадақталсын!» Лұқа 19:38
  • Екі шәкірт осыны айтып тұрғанда, Мәсіх Исаның Өзі жиналғандардың орталарына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді. Лұқа 24:36
  • Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар. Жохан 14:27
  • Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым! Жохан 16:33
  • Мен сәлемімді Құдайдың Римдегі барлық сүйіктілеріне, яғни Оның қасиетті халқы болуға шақырылғандарға, жолдаймын. Сендерге Құдай Әкеміз және Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, амандық пен тыныштық сыйлай берсін! Римдіктерге 1:7
  • Олар жүрген жерлерін қиратып, азап шеккізеді. Татулық дегенді олар білмейді. Құдайды қастерлейтін ниеттері жоқ. Римдіктерге 3:16-18
  • Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз. Римдіктерге 5:1
  • Күнәкар болмыстың қамын ойлау мәңгілік өлімге, ал Киелі Рухтың еркін орындау шынайы өмір мен тыныштыққа жеткізеді. Римдіктерге 8:6
  • Ал Құдай жібермесе, қалай уағыздайды?» Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер бар: (Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушілердің келгені қандай тамаша! Римдіктерге 10:15
  • Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар. Римдіктерге 12:18
  • For the kingdom of God is not meat and drink; but righteousness, and peace, and joy in the Holy Ghost.Құдайдың Патшалығы ішіп-жеуде емес, Киелі Рухтың күшімен әділ, өзара тату, қуанышты өмір сүруде.Римдіктерге 14:17
  • Ендеше өзара тату жүріп, бір-біріміздің рухани өсуімізге көмектесетіннің барлығына жан-тәнімізбен ұмтылайық! Римдіктерге 14:19
  • Үмітіміздің бастауы — Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін! Өздерің Оған сене отырып, Киелі Рухтың құдіретімен үміттерің молая түссін! Римдіктерге 15:13
  • Тыныштық сыйлайтын Құдай бәріңе де жар болсын! Аумин. Римдіктерге 15:33
  • Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх сендерге рақым мен тыныштық жаудыра көрсін! Қорынттықтарга 1:3
  • Алайда егер сенбейтін жұбайы ажырасқысы келсе, ажырассын. Мұндай жағдайда оның сенуші жұбайы некеде қалуға мәжбүр емес. Қайтсе де, Құдай біздерді татулықта тұруға шақырған болатын. Қорынттықтарга 7:15
  • Себебі Құдай тәртіпсіздікті емес, тыныштық пен татулықты қалайды. Құдайға бағышталған халықтың барлық қауымдарындағы әдет осындай. Қорынттықтарга 14:33
  • Сонымен, қымбатты бауырластар, қош-сау болыңдар! Түзеле беріңдер, жігерленіңдер, бір ниеттес, тату болыңдар! Сонда сүйіспеншілік пен тыныштықтың бастауы — Құдай сендерге жар болады. 2 Қорынттықтарга 13:11
  • Сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай берсін! Ғалаттықтарга 1:3
  • Осы ережемен өмір сүргісі келетіндердің бәріне, яғни «Құдайдың рухани Исраил халқына», тыныштық пен қайырымдылық болсын! Ғалаттықтарга 6:16
  • Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, Ғалаттықтарга 5:22
  • Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді. Мәсіх өз денесін біз үшін құрбан еткенде, Таураттың өсиеттері мен ережелерін (орындауды құтқарылу жолы ретінде) күшінен айырды. Осылай Ол яһуди және басқа ұлттық сенушілерді Өзімен байланысқан бір жаңа халық етіп қайта жасап, өзара татуластырды. Ефестіктерге 2:14, 15
  • Құдай Рухымен иемденген бірліктеріңді өзара байланыстырған татулық арқылы сақтауға ұмтылыңдар! Ефестіктерге 4:3
  • «Аяқкиімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар! Ефестіктерге 6:15
  • Менен үйреніп, қабылдаған тәлімді әрі өмірімнен көріп, естігендеріңді іске асыра беріңдер! Сонда тыныштықтың қайнар көзі — Құдай сендерге жар болады. Філіпіліктерге 4:9
  • Ол арқылы Құдай жер мен көктегі барлық нәрсені Өзімен татуластыруды қалады, яғни Оның айқышта қанын төгіп, құрбан болғандығының арқасында татулық орнатуды жөн көрді. Қолостықтарга 1:20
  • Иеміз Мәсіх сыйлаған тыныштық сендерге билігін жүргізсін! Ол сендерді біртұтас рухани дененің құрамдас мүшелері ретінде татулықта тұруға шақырды. Сонымен қатар ризашылықтарыңды білдіріңдер! Қолостықтарга 3:15
  • Жұрт «Бәрі тыныш, қауіпсіз» деп жүргенде, апат аяғы ауыр әйелдің толғағындай табан астынан болады. Сонда ешкім қашып құтыла алмайды. Салониқалықтарга 5:3
  • Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартып, пәк жүрекпен Иемізге сиынатындардың бәрімен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік және татулыққа ұмтыл. 2 Тімотеге 2:22
  • Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды. Еврейлерге 12:14
  • Татулық пен тыныштық орнатқан Құдай біздің Иеміз Исаны өлімнен тірілтіп алды. Иеміз өз қанын төгіп құрбан болуымен мәңгілік Жаңа Келісімді бекіткендіктен, сенушілер қауымының Ұлы Бағушысы болды. Еврейлерге 13:20
  • Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл «тұқымның» жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады. Жақыптың 3:18
  • Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасасын, татулыққа ұмтылып, сол үшін лайым күш салсын! Петірдің 3:11
  • Сонда оттай қызыл ат шықты. Оған мінгенге адамдар бірін-бірі қырулары үшін жер бетіндегі бейбітшілікті жою билігі беріліп, үлкен семсер табыс етілді. Аян 6:4