демалыс


  • Сенде үміт болғандықтан, сенім де болады. Жан-жағыңнан жақсы қорғалғандықтан, алаңсыз жатасың. Тынығып жатқаныңда, сені қорқытатын ешкім болмайды. Қайта, көптеген адам сенің ықыласыңды іздейтін болады. Әйүп 11:18, 19
  • Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам, Содан оянып, тұрамын қайтадан, Себебі мені қорғайды Жаратқан. Жыры 3:5
  • Уа, Жаратқан, мен төсегіме жатып Ұйықтаймын енді қаннен-қаперсіз, Өйткені Өзің маған бердің сыйлап Тыныш өмірді қауіп-қатерсіз. Жыры 4:8
  • Түнде сен қара түнек қорқынышынан, Күндіз де қорықпайсың жау оғынан, Жыры 91:5
  • Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар, Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар. Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына. Жыры 127:2
  • Төсекте жатқанда ешқандай қамықпассың, Қауіпті уайымдамай, жайлы ұйықтарсың, Притчи 3:24
  • Мен осы өткінші дүниеде көрген, жанға бататын тағы бір жайт мынау: жинаған байлығы иесіне кейде тіпті зиян келтіреді. Ecclesiastes 5:12
  • тыныш, жайлы орынға енеді. Тура жолмен жүргендер о дүниеде тынығатын болады. Ишая 57:2
  • Жаратқан Ие тағы былай дейді: «Демалыс күнін Маған бағыштап, берік ұстаныңдар! Бұл күні әдеттегі істеріңмен айналыспай, оны қадірлеп-қастерлеп, үлкен ғанибет деп өткізіңдер! Демалыс күні өз беттеріңмен жүрмеңдер, құмарлықтарыңды қандыру мен бос мылжыңнан да бас тартып, сол күнді толығымен Маған арнаңдар! Егер осылай істесеңдер, сонда рақаттарыңды Менен, Жаратқан Иеден, табасыңдар. Сендерге жердің биік қорғандарын тездетіп иемденіп алуға мүмкіндік беремін. Өзім түп аталарың Жақыпқа мұралық меншікке берген осы елдің өнімдерімен тойынатын боласыңдар». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Ишая 58:13, 14
  • Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер! Қорынттықтарга 10:31
  • Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар. Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады. Еврейлерге 4:9, 10