даналық


  • оларға былай деп бұйырды: «Істейтін істеріңе мұқият көңіл бөліп жүріңдер! Себебі адамның емес, Жаратқан Иенің атынан төрелік етесіңдер. Сендер үкім шығарған кезде Жаратқан Ие қастарыңда болады. 2 Паралипоменон 19:6
  • О, Ием, мені Өзіңнің тура жолыңмен Жауларыма бола бастап алып жүрші, Жолыңды Өзің маған белгілеген Алдымнан анықтап, тегістеп берші. Жыры 5:8
  • Уа, Ием, ақ жолыңды көрсете гөр, Еркіңе сәйкес жүруге үйрете гөр, Шындығыңа сай бағыттап, нұсқай гөр. Себебі Құтқарушы Құдайымсың Сен, Күні бойы Саған үміт артамын мен. Жыры 25:4, 5
  • Кішіпейілді әділдікке бағыттайды, Әрі тура жолын оған нұсқайды. Жыры 25:9
  • Уа, Ием, жолдарыңды маған нұсқай гөр, Жауларыма бола ақ жолыңмен бастай гөр, Жыры 27:11
  • «Мен саған ақыл-кеңес беремін, Жүретін жолыңды көрсетемін. Сені таса қылмай көзімнен, Әрдайым жетелеп жүремін Мен. Жыры 32:8
  • Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады, Жүрген өмір жолын Ол ұнатады, Жыры 37:23
  • Ақыл-кеңесіңмен мені бастайсың, Ақыры салтанатыңа қабылдайсың. Жыры 73:24
  • Рухани көзімді аша гөр менің, Тәліміңнен кереметтер көрейін. Жыры 119:18
  • Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады, Өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады. Жыры 119:105
  • Мәнісі ашылғанда сөздерің нұрын шашады, Білімсіздердің де санасын оятып ашады. Жыры 119:130
  • Таң ата маған естіртші мейіріміңді, Өйткені Өзіңе артамын сенімімді, Көрсетші Маған қай жолмен жүретінімді, Себебі Саған бағыштаймын өмірімді. Жыры 143:8
  • Өз еркіңді орындауға үйрете гөр. Өйткені сенім артқан Құдайымсың, Сенің игілікті Киелі Рухың Түзу жолмен мені жетелей көрсін. О, Ием, ұлы атың үшін жанымды сақтай гөр, Әділдігің үшін қиындықтан құтқара гөр, Жыры 143:10, 11
  • Саналы жан тыңдап, ақыл-кеңес табады, Дана жан біліміне білім қосады, Притчи 1:5
  • Егер де білім мен парасатты шақырсаң, Сонда Жаратқан Иені қастерлеуді ұғарсың, Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың. Себебі Жаратушы даналық сыйлар, Білім мен түсінік Оның аузынан шығар, Притчи 2:3, 5, 6
  • Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені. Притчи 3:5, 6
  • Жүргенде олар тура жолды нұсқар, Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар, Оянғанда саған ақыл айтар. Притчи 6:22
  • Ақымақ жүрген жолым тура дер, Дана жан кеңеске құлақ түрер. Притчи 12:15
  • Адам жүрегінде жоспар құрар, Ал соның жауабы Жаратқаннан болар. Притчи 16:1
  • Ақылды тыңдап, нақылға бағын, Алдағы кезде дана боларсың. Притчи 19:20
  • Ақылдасқан іс берік тұр, Соғысар алдында кеңес құр. Притчи 20:18
  • Соғысты ақыл-кеңеспен басқар, Кеңесшісі көп жеңіп шығар. Притчи 24:6
  • Зұлым жан әділдікті ұғынбас, Жаратқанға бет бұрған оны толықтай ұғынар. Притчи 28:5
  • Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. Өзі Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оны терең қастерлеуден қуаныш табады. Патша тек көрген сырт пішінге, ұзын құлақтан естігеніне ғана сүйеніп үкім шығармайды. Ишая 11:2, 3
  • Шындықты көрмейтін халқымды Менің Өзі білмейтін жолмен жетелеймін, Бейтаныс жолдармен бастап алып жүріп, Түнекті алдынан нұрға айналдырамын, Қисық жолдардың бәрін түзетемін. Халқым үшін осыларды жасаймын, Ешқашан оны жалғыз қалдырмаймын!» Ишая 42:16
  • «Маған Жаратушы Тәңір Иенің Өзі тәлім беріп, қажығандарды жігерлендіру үшін не айту керегін аузыма салып отыр. Күн сайын ертеңгісін Ол мені оятып, айтқандарына шәкірттей құлақ салғызады. Ишая 50:4
  • Мен, Жаратқан Ие, сендерді әрқашан жетелеп жүремін, шөл далада да қажеттеріңмен қамтамасыз етіп, денелеріңе қуат беремін. Осылай сендер суы мол баққа, ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласыңдар. Ишая 58:11
  • «Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өз жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды. Еремия 10:23
  • Олар қуаныштан жылап, Маған мінажат етеді; Өзім оларды өзен бойымен бастап, тегіс жолдармен сүріндірмей алып жүремін. Өйткені Мен Исраилдің рухани Әкесімін, әрі Ефрем — Менің тұңғышым іспетті». Еремия 31:9
  • Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды. Даниял 1:17
  • Сырт көрінісіне ғана қарамай, әділ шешіңдер! Жохан 7:24
  • Сонымен сендерге үшінші рет бармақпын. «Әрбір іс ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек» (деп Тауратта жазылғандай, мәселелеріңді қайтадан дұрыстап тексермекпін). 2 Қорынттықтарга 13:1
  • Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады. Жақыптың 1:5
  • Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады. Жақыптың 3:17