қиындықтар


  • Жаратқан Ие Ілияс арқылы уәде еткендей, кеспектегі ұн мен құмырадағы май таусылмады.
    3 Царств 17:16
  • Тілдің пәлесінен аулақ болып, ойран келгенде де қорықпайсың.
    Әйүп 5:21
  • Тәңір суды бұлттарға жинайды, ал бұлттар судың салмағынан жарылып кетпейді. Құдай толық айды жауып, үстіне Өзінің бұлтын жайып қояды. Жарық пен түнектің арасын бөліп тұру үшін су бетінде шеңбердей көкжиекті сызып қойды.
    Әйүп 26:8-10
  • Қаналғандарға Жаратқан пана болады, Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады, Сені шын білетіндер Саған сенім артады, Ием, тастап кетпейсің Өзіңе сиынғанды.
    Жыры 9:9-10
  • Мінсіздерге Жаратқан күнде көз салады, Мұралық меншіктері мәңгі сақталады, Ауыр күнде мінсіздер масқара болмайды, Тіпті аштық кезінде тамағын тоя жейді.
    Жыры 37:18, 19
  • Жас та болдым, енді міне, қартайдым, Көрмедім әділ жанның бейшара болғанын, Ұрпағының қайыршы боп нан сұрағанын.
    Жыры 37:25
  • Құдай — біздің панамыз да күшіміз, Қиын кезде сенімді көмекшіміз. Сол себептен біз уайымдап қорықпаймыз, Тіпті дүниенің астан-кестені шықса да, Таулар теңіздің тұңғиығына құласа да Теңіз долдана ақ көбік атқыласа да, Оның толқынынан тау сілкініп жатса да. (Әлемнің Иесі біздің жанымызда, Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!)
    Жыры 46:1-3
  • Халайық, лайым Оған сенім артыңдар, Ойларыңды Оған толық ашыңдар, Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар!
    Жыры 62:8
  • Уа, Ием, буырқанған теңізге билік айтасың, Көтерілген толқындарын тыншытасың.
    Жыры 89:9
  • Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам: Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным, Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым!
    Жыры 91:2
  • Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі, Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!
    Жыры 93:4
  • Жаратқан Исраилді бұлтпен жапты, Түнде от оларға сәулесін шашты. Халық ет сұрағанда Ол бөденелер жіберді, Аспаннан түскен нанмен тойындырды, Жартасты жарып, содан су ағызды, Су шөлді жерлермен өзендей сарқырады.
    Жыры 105:39-41
  • Ол дауылды басып, саябырсытты, Теңіздің толқындарын да тыншытты.
    Жыры 107:29
  • оны күндізгі қапырықтан тасалап, дауыл мен жауыннан да қорғайтын болады.
    Ишая 4:6
  • Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады, Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады, Оларға қорғаныш боласың дауылдан Әрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан. Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаны Соққылаған боран
    Ишая 25:4
  • Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды.
    Ишая 43:2
  • Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін.
    Ишая 44:3
  • Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.
    Нақұм 1:7
  • Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздарым-ай! Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп уайымдамаңдар!
    Матай 6:30, 31
  • Иса оларға: — Сенімі аздарым-ай, неліктен соншама қорқасыңдар? — деді де, орнынан тұрып, жел мен көлге тыйым салды. Сонда жым-жырт тыныштық орнады. Аң-таң болған қайықтағылар өзара: «Тіпті жел мен көл де бағынатын Бұл кім Өзі?» — десті.
    Матай 8:26, 27
  • Естеріңде болсын: Мен сендерге жыландар мен шаяндарды таптап басып, жаудың барлық күшін жеңетін билік бердім. Енді сендерге еш нәрсе де зиянын тигізе алмайды.
    Лұқа 10:19
  • Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? Забурда мына сөздер жазылған: «Сен үшін олар бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда». Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз. Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!
    Римдіктерге 8:35-39
  • Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз. Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз.
    2 Қорынттықтарга 4:8, 9
  • Ал әйел Құдай алдын ала дайындап қойған айдаладағы бір жерге қашып құтылды. Сол жерде әйелге бір мың екі жүз алпыс күн бойы қамқорлық жасалатын болады.
    Аян 12:6