мақтаныш
- Пенделер, тағы да паңдана мақтанбаңдар, Ауыздарыңнан тәкаппар сөз шығармаңдар! Себебі Тәңір Ие бәрін біліп тұрады, Құдай істеріңе әділ үкім шығарады! Царств 2:3
- Ал Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб оған мына мақалмен жауап берді: — Оған айтып барыңдар: Семсерін асынып жатқан емес, онысын жеңіспен шешкен мақтансын! 3 Царств 20:11
- Менмендікке масқара серік, Кішіпейілге даналық серік. Притчи 11:2
- Менмендік дау-жанжал туғызар, Даналық ақылдасқандарда болар. Притчи 13:10
- Жаратқан Ие менменнің үйін талқандар, Ол жесірдің жерінің шекарасын қорғар. Притчи 15:25
- Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар, Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар. Притчи 16:5
- Менмендік — күйреудің басы, Асқақтық — құлаудың алды. Притчи 16:18
- Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар, Ақырында олар ажалға бастап апарар. Притчи 16:25
- Адам құлар алдында асқақ болар, Абыройы асар алдында кішіпейіл болар. Притчи 18:12
- Жаратқанды терең қастерлейтін кішіпейілдер Байлық, абырой, шынайы өмірге кенелер. Притчи 22:4
- Менмендік адамның мерейін түсірер, Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер. Притчи 29:23
- Осы әлем түгелдей Менің қолымнан шығып, пайда болды емес пе?! — деп ескертеді Жаратқан Ие. Ал Мен көз қырымды салатындар: күнәларына шын жүректен өкініп, сөзімді терең қастерлеп, іске асыратындар. Ишая 66:2
- Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады. Лұқа 14:11
- Сондықтан өзін «сенімімде берік тұрмын» деп санайтын әркім күнәға батудан сақ болсын! Қорынттықтарга 10:12
- Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды. Ғалаттықтарга 5:22, 23
- Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар! Әрқайсың өз мүдделеріңді ғана емес, басқалардікін де ойлап жүріңдер! Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын: Філіпіліктерге 2:3-5
- Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». Жақыптың 4:6
- Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ. Жақыптың 4:10
- Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ. Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды! Петірдің 5:5-7