бөліну


  • Ол төбенің Миспа («Қарауыл мұнарасы») деген аты да бар. Өйткені Лабан: «Біз бір-бірімізден көз жазып қалғанымызда, Жаратқан Ие үстімізден қарауыл болып тұрсын. Бытие 31:49
  • Сол кезде мына баланы сыйлай көрсін деп жалбарынған едім. Жаратқан Ие өтінішімді жүзеге асырды. Енді мен де уәдемді орындап, баланы өмір бойы Оның қызметіне бағыштағым келіп отыр», — деді. Сонда олар иіліп Жаратқан Иеге ғибадат етті. Царств 1:27, 28
  • Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың. Жыры 23:4
  • Бас тартса менен тіпті әке-шешем, Қабылдайды мені Жаратқан Ием. Жыры 27:10
  • Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады, Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады. Жыры 34:18
  • Жаралы жүректерді сауықтырар, Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар. Жыры 147:3
  • Мол су да махаббатты өшіре алмас, Тасыған өзен оны батыра алмас. Бір адам өз үйінің бар байлығын Ұсынғанмен сүйіспеншілік үшін, Мүлдем менсінбес еді ешкім онысын! Песни 8:7
  • Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін. Жохан 14:18
  • Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін. Римдіктерге 8:18
  • Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз. 2 Қорынттықтарга 1:4
  • Алайда осы «артықшылықтарымды» Мәсіхке бола залал деп санай бастадым. Філіпіліктерге 3:7, 8
  • Қымбатты бауырластар, үміті үзілген басқалар сияқты қайғырмауларың үшін сендерді бұ дүниеден қайтқан сенушілердің жағдайы туралы хабарсыз қалдырмаймыз. Салониқалықтарга 4:13
  • Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет. Еврейлерге 10:36
  • Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мадақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. Петірдің 1:7