батылдық


  • Ал Мұса халыққа жауап беріп: — Қорықпаңдар, берік тұрыңдар! Бүгін-ақ Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер: бүгін көрген мысырлықтарыңды енді қайтып мәңгі бақи көрмейтін боласыңдар! Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді.
    Исход 14:13, 14
  • Жауларыңа қарсы соғысуға шығып, олардың аттары мен соғыс күймелерін көріп, әскерінің сендердікінен басым екенін байқасаңдар, олардан қорықпаңдар! Себебі өздеріңді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады.
    Второзаконие 20:1
  • Жаратқан Иенің Өзі алдыңда жүріп саған жар болады. Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болма!»
    Второзаконие 31:8
  • Олар оның тәнін жалаңаштап, ұл-қыздарын ұстап әкетіп, өзін семсермен шауып өлтірді. Осылайша ол өзіне тиісті жазаны алғанда, басқа әйелдердің өсек-аяңына айналды.
    Ешуа 23:10
  • Ием Өзіне бағышталғанды қорғап күзетеді, Ал зұлымдар қара түнекте өледі, Пенде өз күшімен жеңіске жетпейді.
    Царств 2:9
  • Жонатан нөкеріне былай деді: — Жүр, мына құдайсыздардың тобына барайық. Мүмкін, Жаратқан Ие бізге көмектесер. Не аз, не көп адам арқылы болсын, бәрібір Жаратқан Ие құтқара алады! —
    Царств 14:6
  • Мұнда жиналғандардың бәрі де Жаратқан Иенің құтқару үшін семсер мен сүңгіні керек қылмайтынына көз жеткізетін болады! Себебі бұл соғысты Жаратқан Иенің Өзі жүргізіп, сендерді біздің қолымызға тапсырады!
    Царств 17:47
  • «Қайратты да батыл болыңдар! Ассур патшасынан және оның ертіп алып келе жатқан қалың тобырынан абыржып қорықпаңдар! Бәрінен де құдіретті күш оның емес, біздің жақта! Жаудағының бары — білек күші ғана, ал бізге Құдайымыз Жаратқан Ие жар болып, біз үшін шайқасатын болады!» — Езекия патшаның бұл сөздерін естігенде халық жігерленді.
    2 Паралипоменон 32:7, 8
  • Ізіңмен Сенің берік жүрді қадамдарым, Ақ жолыңнан тайып кетпеді аяқтарым.
    Жыры 17:5
  • Төрелік айтып мені ақташы Өзің, Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін, Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.
    Жыры 26:1
  • Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы, Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны.
    Жыры 60:11
  • Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан, Үміт келеді маған тек қана Одан,
    Жыры 62:5
  • Сенің күшіңе кенеле берген, ой-ниеті Өзіңе бағытталған жандар қандай бақытты! Олар жол жүргенде күш-қуаты өсе береді, Ақыры Сионда Құдайдың алдына келеді.
    Жыры 84:5, 7
  • Сондай адам қауесеттен қорықпайды, Жаратқанға сеніп жүрегі қобалжымайды, Қайта, жүрегі нық, үрейленбейді, Соңында жаулардың жеңілісін көреді.
    Жыры 112:7, 8
  • Адам баласына сенім артқаннан гөрі Жаратқан Иені паналау сондай игі!
    Жыры 118:8
  • Таң ата маған естіртші мейіріміңді, Өйткені Өзіңе артамын сенімімді, Көрсетші Маған қай жолмен жүретінімді, Себебі Саған бағыштаймын өмірімді.
    Жыры 143:8
  • Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.
    Притчи 3:5, 6
  • Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: — Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын. Алайда солай істегілерің келмеді.
    Ишая 30:15
  • Ол маған былай деп түсіндірді: — Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —
    Zechariah 4:6
  • Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар.
    Жохан 15:5
  • Өйткені Құдайдың рухани балалары осы күнәлі дүниені жеңеді. Осы дүниені жеңген күш — біздің сеніміміз.
    Жоханның 5:4