Әйүп

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42


Тарау 26

Сонда Әйүп былай деп жауап қайырды:
2 — Күші жоққа қалай көмектескенсің сен, шіркін! Қолы әлсізденіп қалғанға жанға қалай демеу болғансың десеңші!
3 Дым ақылым жоқ еді, керемет ақыл үйреттің! Орасан зор данышпандығыңды көрсеттің.
4 Мұндай дана сөздерді кімнің қолдауымен айттың екен? Аузыңнан кімнің даналығы шықты екен?
5 Су астындағы о дүниені мекендейтін аруақтар Құдайдың алдында дірілдейді.
6 Ол үшін о дүние жалаңаш, тозақтың өзі ашық жатыр.
7 Құдай аспанның солтүстік бөлігін бос кеңістіктің үстінен жайып жіберді. Ол жерді бір нәрсеге іліп қоймаса да, жер құлап түспей орнында тұра береді.
8 Тәңір суды бұлттарға жинайды, ал бұлттар судың салмағынан жарылып кетпейді.
9 Құдай толық айды жауып, үстіне Өзінің бұлтын жайып қояды.
10 Жарық пен түнектің арасын бөліп тұру үшін су бетінде шеңбердей көкжиекті сызып қойды.
11 Құдай зекіген кезде «аспанның тіреулері» сілкініп, абыржып қалады.
12 Тәңір өз құдіретімен теңізді тыныштандырды, әрі өз парасатымен теңіздегі алып хайуанды құртты.
13 Өз Рухымен Құдай аспанның ажарын келтіріп, өз қолымен ирелеңдеген алып жыланды түйреді.
14 Ал бұлар Құдайдың істерінің жай бір бөлігі ғана, Оның Өзі туралы естігеніміз тым аз! Егер Оның құдіреті туралы дүркіретіп жарияланса да, оны кім түсіне алар еді?