Әйүп

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42


Тарау 35

Еліху сөзін жалғастырып былай деді:
2 — «Құдайдың алдында әділмін!» деп тұрғаныңызды дұрыс деп ойлайсыз ба?
3 Алайда: «Маған келіп-кетер не бар? Күнә жасамасам, маған қандай пайда болмақ?» деп те сұрайсыз.
4 Өзіңізге және достарыңызға мынадай жауап бергім келеді:
5 Аспанға көз жүгіртіп, қараңызшы! Өзіңізден жоғары тұрған бұлттарға назар аударыңызшы!
6 Күнә жасасаңыз, соныңызбен Құдайға не істейсіз? Күнәларыңыз тіпті көбейіп кетсе, Оған қандай әсер етесіз?
7 Ал егер әділ болсаңыз, Оған бұныңыздан қандай пайда? Яки Оған беретін сыйлығыңыз қандай?
8 Жоқ, зұлым болсаңыз, зиянын көретін өзіңіз сияқты бір пенде, ал әділ болсаңыз, пайдасын да бір адам баласы көреді.
9 Адамдар езгінің астында көмек сұрап жалбарынады. Олар мықтының қолынан құтқарылуларын жалына өтінеді.
10 Бірақ ешкім де былай деп сұрамайды: «Түнде мадақтау жырларын айтуға мұрша беретін Жаратушым Құдай қайда екен?»
11 Ол бізге жердегі хайуандарға қарағанда көбірек нәрсені үйреткен, бізді әуедегі құстардан ақылдырақ етіп жаратқан.
12 Сондықтан да Құдай адамдар жалбарынғанда жауап бермейді, өйткені олар сондай зұлым әрі өркөкірек.
13 Ал «Құдай соған құлақ аспайды, құдіреті шексіз Тәңір еш көңіл бөлмейді» десек, бұл шындық емес.
14 Тіпті сіз: «Оны көріп тұрған жоқпын» десеңіз де, бәрібір ісіңіз Құдайдың алдында жатыр. Енді Оны күте тұрыңыз!
15 «Ол күнәкарға қаһарланып, тиісті жазасын тартқызған емес. Зұлымдыққа еш көңіл бөлмейді!» деп те айтасыз.
16 Осылай Әйүп ағаның аузынан құр мәнсіз әңгіме шығады. Байыбына бармастан көп сөз айтады.