Паралипоменон

Тарау: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29


Тарау 3

Дәуіттің Хебронда дүниеге келген ұлдары: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. Екінші ұлы Даниял кәрмелдік Әбигелден туды.
2 Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит,
3 бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал, ал алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды.
4 Осы алты ұлы Дәуіттің Хебронда жеті жыл алты ай бойы патшалық құрып жүрген кезінде туды. Бұдан кейін Дәуіт Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрды.
5 Сонда дүниеге келген ұлдарының есімдері мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен. Бұл төртеуін Елиям қызы Барсабия туды.
6 Сол тұста Дәуіттің Ипхар, Әлишуа, Елпәлет,
7 Ноғах, Непек, Япияқ,
8 Әлишама, Әлияда және Әлипәлет деген ұлдары да дүниеге келді: барлығы тоғыз.
9 Дәуіттің ұлдары осылар, ал соларға қоса оның кәнизактарынан туған ұлдары да болды. Тамар Дәуіттің ұлдарына әпке-қарындас болатын.
10 Дәуіт ұлы Сүлейменнен өрбіген ұрпақтар: Сүлейменнен Рохабоғам, одан Абиях, одан Аса, одан Жосапат,
11 одан Жорам, одан Охозиях, одан Жоғас,
12 одан Амасиях, одан Азариях (яғни Ұзиях), одан Жотам,
13 одан Ахаз, одан Езекия, одан Манаса,
14 одан Амон, одан Жосия.
15 Жосияның ұлдары: тұңғышы Жоханан, екіншісі Жохақым, үшіншісі Седекиях, төртіншісі Шаллум.
16 Жохақымнан кейін патша болғандар: оның ұлы Ехониях және туған інісі Седекиях.
17 Бабылдықтар тұтқындап алып кеткен Ехонияхтың ұрпақтары мыналар: өз ұлы Салатиел,
18 әрі Малқирам, Педаях, Шенасар, Екамиях, Хошама, Недабиях.
19 Педаяхтың ұлдары: Зоробабел, Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам, Хананиях, олардың әпке-қарындасы: Шеломит.
20 Зоробабелдің бұлардан басқа тағы бес ұлы: Хашуба, Оһел, Барақиях, Хасадиях, Жушап-Хесед болды.
21 Хананияхтан өрбіген ұрпақтар: Пелатиях пен Ишая әрі Рефаяхтың, Арнанның, Абадияхтың және Шеханияхтың ұлдары.
22 Шеханияхтың ұрпақтары: Шемаях және оның ұлдары Хатуш, Иғал, Бариях, Неариях, Шапат, барлығы алтау.
23 Неарияхтың ұлдары: Елиохенай, Езекия, Азыриқам, барлығы үшеу.
24 Елиохенайдың ұлдары: Ходауиях, Елияшип, Пелаях, Ақуб, Жоханан, Делаях, Анани, барлығы жетеу.