Паралипоменон

Тарау: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29


Тарау 8

Буняминнің тұңғыш ұлы Бела, екінші ұлы Ашбел, үшінші ұлы Ахрай,
2 төртінші ұлы Ноха, бесінші ұлы Рафа еді.
3 Беланың ұлдары: Аддар, Гера, Әбихуд,
4 Абишуа, Нағыман, Ахоах,
5 Гера, Шефуфан, Хурам.
6 Гебада тұрып, ал кейін Манахатқа жер аударылған әулеттердің басшылары болған Ехудтың ұрпақтары мыналар:
7 Нағыман, Ахиях, Гера. Оларды Гера бастап алып барды. Оның ұлдары Ұзза мен Ахихуд болатын.
8 Шәкәрім екі әйелі Хушим мен Бағарадан ажырасқаннан кейін, Моаб елінде де бала сүйді.
9 Оның әйелі Ходеш Жобаб, Сибиях, Меша, Малқам,
10 Еус, Сахия, Мирма есімді ұлдарды туды. Шәкәрімнің осы ұлдары әулет басшылары болды.
11 Шәкәрімнің бұрынғы әйелі Хушим оған Абитуб пен Елпағал есімді екі ұл туып берген болатын.
12 Елпағалдың ұлдары: Ебер, Мишам, Шемед. Шемед Оно мен Лодты әрі Лодқа қарасты елді мекендерді салды.
13 (Елпағалдың басқа ұлдары:) Бериях пен Шема. Осы екеуі Аялон тұрғындарының әулет басшылары болатын. Ғаттың тұрғындарын сол қаладан қуып шыққан да осылар еді.
14 Ахио, Шашақ, Еремот,
15 Забадиях, Арад, Едер,
16 Михайл, Ишфа, Жоха: Берияхтың ұрпақтары.
17 Забадиях, Мешулам, Хизки, Хебер,
18 Ишмерай, Излиях, Жобаб: Елпағалдың ұрпақтары.
19 Жәкім, Зіхри, Забди,
20 Елиенай, Силтай, Елиел,
21 Адаях, Бераях, Шимрат: Шимейдің ұрпақтары.
22 Ишпан, Ебер, Елиел,
23 Абыдон, Зіхри, Ханан,
24 Хананиях, Елам, Антотиях,
25 Ифдиях, Пенуел: Шашақтың ұрпақтары.
26 Шамшерай, Шехариях, Ғотолия,
27 Ярешиях, Ілияс, Зіхри: Ерохамның ұрпақтары.
28 Осылардың өз әулеттерінің басшылары болғандығы шежірелерде тіркелген. Олар Иерусалимде тұрды.
29 Гибеонның түп атасы Еиел Гибеон қаласында тұрды. Оның әйелінің аты Маха,
30 тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб,
31 Гедор, Ахио, Зәкәрия,
32 Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды.
33 Нердің ұлы: Қиш, Қиштың ұлы: Саул (патша). Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал.
34 Жонатанның ұлы: Меріб-Бағал, ал соның ұлы: Миха.
35 Миханың ұлдары: Питон, Мәлік, Тареях, Ахаз.
36 Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы: Моса.
37 Мосадан өрбірген ұрпақтар: Мосадан Бинея, одан Рефаях, одан Елеаса, одан Асел.
38 Аселдің алты ұлы болды, олардың есімдері: Азыриқам, Бохыру, Ысмағұл, Шеғариях, Абадиях, Ханан. Осылардың барлығы Аселдің ұлдары еді.
39 Аселдің інісі Ешектің ұлдары: тұңғышы Ұлам, екіншісі Егуш, үшіншісі Әлипәлет еді.
40 Ұламның ұлдары садақ атуға шебер мықты сарбаздар болды. Олардың ұлдары мен немерелерінің жалпы саны өте көп, барлығы жүз елу болды. Осылардың бәрі Буняминнің ұрпақтары.