Бытие

Тарау: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50


Тарау 5

Мынау Адам атаның ұрпақтарының тарихы: Құдай адамды жаратқанда, оны Өзіне (рухани жағынан) ұқсас етіп жаратқан болатын.
2 Құдай адамдарды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратып, сол күні батасын беріп, оларға «адам» деген ат қойды.
3 Адам ата жүз отыз жасқа келгенде өзіне ұқсас бір ұлды болып, оған Сет деп ат қойды.
4 Сет туғаннан кейін, Адам ата сегіз жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
5 Адам ата барлығы тоғыз жүз отыз жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
6 Сет жүз бес жасқа келгенде ұлы Енос туды.
7 Бұдан кейін Сет сегіз жүз жеті жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
8 Сет барлығы тоғыз жүз он екі жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
9 Енос тоқсан жасқа келгенде Қайнанды дүниеге келтірді.
10 Қайнан дүниеге келгеннен кейін Енос сегіз жүз он бес жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қызды болды.
11 Енос барлығы тоғыз жүз бес жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
12 Қайнан жетпіс жасқа келгенде Мақалалел туды.
13 Бұдан соң Қайнан сегіз жүз қырық жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
14 Қайнан барлығы тоғыз жүз он жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
15 Мақалалел алпыс бес жасқа келгенде Иәрет туды.
16 Иәрет туғаннан кейін Мақалалел сегіз жүз отыз жыл өмір сүріп, басқа ұл-қыздарға әке болды.
17 Мақалалел барлығы сегіз жүз тоқсан бес жыл өмір сүрген соң қайтыс болды.
18 Иәрет жүз алпыс екі жасқа келгенде Енохты дүниеге келтірді.
19 Бұдан соң Иәрет сегіз жүз жыл жасап, басқа да ұл-қызды болды.
20 Иәрет барлығы тоғыз жүз алпыс екі жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
21 Енох алпыс беске келгенде Мәтусал туды.
22 Мәтусал дүниеге келген соң, Енох үш жүз жыл бойы Құдаймен тығыз байланыста жүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
23 Ол барлығы үш жүз алпыс бес жыл өмір сүрді.
24 Енох Құдаймен тығыз байланыста жүрді. Кейін ол жер бетінен ғайып болды, себебі Құдай оны Өзіне алып кеткен еді.
25 Мәтусал жүз сексен жеті жасқа келгенде Ләмех туды.
26 Ләмех туған соң, Мәтусал жеті жүз сексен екі жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қызды болды.
27 Мәтусал барлығы тоғыз жүз алпыс тоғыз жыл өмір сүріп, дүниеден өтті.
28 Ләмех жүз сексен екі жасқа келгенде ұлды болды.
29 Оған Нұх деп ат қойып: «Ол Жаратқан Иенің қарғысына іліккен жерде бейнетпен жұмыс істеп жүрген бізге жұбатушы болады», — деді.
30 Нұх туғаннан кейін, Ләмех бес жүз тоқсан бес жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
31 Ләмех барлығы жеті жүз жетпіс жеті жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
32 Нұх бес жүз жасқа келген соң, Шам, Хам және Япші деген ұлдарды дүниеге келтірді.