Тарау 100 [99]

(Халық Құдайға шүкірлік еткенде айтылатын жыр.)

Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап,
2 Иемізге қызмет етіңдер шаттанып, Келіңдер алдына қуана әндетіп,
3 Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп: Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз, Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз».
4 Құдайдың ғибадатханасына барып, Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп, Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп, Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!
5 Себебі Жаратқан Ие мейірімді, Ол мәңгілік шапағатын тигізеді. Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізге Шексіз сенімділігін көрсете береді.