Тарау 134 [133]

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

«Уа, Жаратқанның бар қызметшілері, Иемізді дәріптей беріңдер! Сендер Құдайдың киелі үйінде Түн кезінде қызмет көрсетесіңдер:
2 Киелі орнына қарай қол жайып Иемізді мадақтай беріңдер!»
3 «Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз саған Лайым төксін батасын Сиондағы орнынан!»