Тарау 126 [125]

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға Қайтарып алып келген уақытында Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,
2 Езуіміз жиылмады күлкіден, Аузымыздан үзілмеді шаттық ән. Басқа ұлт адамдары өзара былай десті: «Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»
3 Жаратқан бізге керемет жасады шынында, Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!
4 Шөлдегі кеуіп қалған өзендерді Лезде-ақ суға толтыратының секілді, Уа, Жаратқан Ие, игіліктерімізді Біздерге қайтадан сыйлай гөр енді.
5 Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін Қуана әндетіп жинамақ өнімін:
6 Олар еңіреп жүріп тұқымдарын Сеуіп тастайды егістік жерлеріне, Кейін құшақтап алып астық бауларын Қуана қайтады мекендеріне.