Тарау 13 [12]

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?
2 Қашанғы көңілім уайымға тола бермек, Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек? Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?
3 Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр, Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.
4 Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын, Дұшпандарым «Жеңдік!» деп лепіре мақтанбасын.
5 Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын, Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын, Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.