Тарау 58 [57]

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты.)

Уа, билер, шындықты айтасыңдар ма, Жұртқа әділ үкім шығарасыңдар ма?
2 Жоқ, іштей әділетсіздік жоспарлайсыңдар, Елге билік айтқанда зорлық жасайсыңдар!
3 Зұлымдар туғаннан-ақ жолдан адасады, Құрсақтан-ақ жаңылып, жалған айтады.
4 Айтқан сөздері зәрлі жыланның уындай, Олар шебер арбаушының да даусын тыңдамай Құлағы бітелген улы сұр жыландай.
6 Уа, Құдай, олардың тістерін қиратшы, Ием, арыстандай жақтарын күйретші,
7 Ағып кеткен судай олар жоғалсын, Тартқанда жебелері сынып қалсын,
8 Жорғалап жоқ болар ұлудай құрысын, Тасталған түсіктей күн көзін көрмесін!
9 Тікенді бұтақ жанған от үстіндегі Қазанның тез қайнайтыны секілді, Құдайдың қаһары сол тірілерді Құйындай көтеріп алып кетеді.
10 Тәңірдің жазалауын әділдер көріп қуанады, Зұлымның құрып кеткеніне риза болады.
11 Жұрт былай дер: «Рас, әділ жан сыйын алады, Жерде шынымен Құдай үкім шығарады!»