Тарау 137 [136]

Бабылдың өзен жағаларында отырдық, Сионды еске алып біз зар жыладық.
2 Жетігенімізді іліп қойдық сонда Жағада өсіп тұрған қызыл талдарға.
3 Тұтқындағандар жыр айтуымызды талап етті, Азаптағандар бізден шаттық әнін күтті: «Сионның ән-жырларын айтыңдар!» деді.
4 Бөтен елде жүргенде қалайша біз Иеміздің ән-жырларын айта аламыз?
5 О, Иерусалим, егер ұмытсам сені, Оң қолым, сен де ұмытқайсың мені!
6 Иерусалимді есімде сақтамасам, Оны шаттығымның шыңы деп санамасам, Онда тілім көмейіме жабысып қалсын!
7 Уа, Жаратқан Ием, есіңе түсірші Иерусалим жау қолына түскен күні Едомдықтардың не істегендерін: «Қиратыңдар қаланы түбіне дейін! Қиратыңдар оны!» деп өршіткендерін.
8 Уа, Бабыл қаласы, ойран салғышсың, Саған бізге істеген қастығыңның Есесін қайтарған жан бақытты болмақ,
9 Ұстап алып балаларыңды өзіңнің, Тасқа ұрған адам бақытты болмақ.