Тарау 149

Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар! Жаратқан Иеге жаңа ән-жыр салыңдар, Сенушілер қауымында Оны мадақтаңдар!
2 Шаттан, Исраил, өзіңді Жаратқанға, Сион халқы қуансын Патшасына,
3 Би билеп мадақтасын Оның атын, Дауылпаз, жетігенмен ән шырқасын!
4 Жаратқан өз халқынан рақат табады, Кішіпейілдерді даңқтап, құтқарады.
5 Адал жандар бұл құрметке шаттансын, Төсекте жатып та қуана ән салсын,
6 Аузында Құдайды мақтайтын ән болсын, Қолдарына екі жүзді семсер ұстасын,
7 Бас көтерген ұлттарды соттау үшін, Қыңыр халықтарды жазалау үшін,
8 Олардың патшаларын кісендеу үшін, Төрелерін темірмен шынжырлау үшін,
9 Жазылған үкімдерін орындау үшін. Бұл — құрмет Оған бағышталғандар үшін. Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!