Тарау 120 [119]

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым, Ол мінажатыма түрді құлағын.
2 Құтқара көрші мені, уа, Жаратқан, Айлалы тіл мен өтірікші ауыздан.
3 Ісіңнің қарымтасын, ей, айлакер жан, Саған қанша қылып қайтарар Жаратқан:
4 Тартар жазаң сарбаздың өткір оғындай, Әрі жанған ағаш көмірінің шоғындай.
5 Алыс Мешехте кірме болып тұрған, Қидар шөлінде шатыр маңында қонған Сияқты сорлы басымды қайғы басқан!
6 Ынтымақты ұнатпайтындармен Ұзақ уақыт бірге тұрып келемін,
7 Татулықты сүйетін жанмын мен, Ал олар таласпақшы, бұл жайлы сөйлесем.