Тарау 52 [51]

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің насихат жыры. Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)

Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың, Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын. Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың.
2 Өткір ұстарадай тіледі сенің тілің, Өтірікті айтуға шеберсің өзің,
3 Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан. //
4 Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанын Жаралайтын сөзді айтуды ұнатасың!
5 Содан да Құдай сені мәңгі құртады, Үйіңнен күшпен қуып шығарады, Тірілер арасынан аластатады. //
6 Әділдер мұны көріп қайран қалады, Былай деп келекелейді сол арамды:
7 «Міне, Құдайды паналамаған жан, Қайта, мол байлығын арқа тұтқан, Зұлымдықпен одан бетер нығайған».
8 Ал мен Құдайдың киелі үйінің Ішінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін, Құдайдың рақымына мәңгі сенемін.
9 Уа, Ием, Сені игі істерің үшін Халқыңның алдында дәріптеймін, Ізгі мейіріміңе сүйенемін.