Ишая
Тарау 12
Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың: «Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын! Маған ашуланған едің, ал сосын Қаһарыңды басып, мені жұбаттың. 
2  Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым! Оған сеніп, қорықпаймын да енді, Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі, Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы, Ол адал Құтқарушым болып келеді!» 
3  Құтқарылудың қайнар көздерінен Су ала бересіңдер қуанышпен. 
4  Сол кезде былай дейтін боласыңдар: «Жаратқан Иеге шүкірлік етіп, Есімін атап Оған сиыныңдар, Әділ істерін ұлттарға білдіріп, Есімінің ұлылығын хабарлаңдар! 
5  Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар, Ол ұлы кереметтерді істеді, Осыны білсін жер жүзінің бәрі! 
6  Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар, Дауыстап қалықтата ән салыңдар: Исраил сиынған Киелі Құдай Енді өздеріңнің араларыңда Бөленеді салтанатты ұлылыққа!»